Nokia Ovi Suite бағдарламасын компьютерге орнату
Nokia Ovi Suite PC қолданбасымен телефонның мазмұнын басқаруға және оны
үйлесімді компьютермен қадамдастыруға болады. Сонымен қатар, телефонды
жаңа бағдарламалық құралмен жаңартып, карталарды жүктеп алуға болады.
Интернет байланысы қажет болуы мүмкін. Дерек ақысы туралы ақпаратты қызмет
провайдеріңізден алыңыз.
Компьютерге Nokia Ovi Suite қолданбасының соңғы нұсқасын www.nokia.com/
support веб-торабынан жүктеп алыңыз.
Nokia Ovi Suite бағдарламасының ең соңғы нұсқасы Nokia Suite деп аталады.
Nokia Ovi Suite туралы қосымша мәліметтер алу үшін және Nokia Ovi Suite жұмыс
істейтін амалдық жүйелерді тексеру үшін, www.nokia.com/support торабына
өтіңіз.