Nokia X7 00 - Төтенше қоңыраулар

background image

Төтенше қоңыраулар
Төтенше қоңырау шалу
1

Құрылғының қосулы болуын қамтамасыз етіңіз.

2

Сигналдың тиісті күші болуын тексеріңіз. Сондай-ақ, төмендегілерді істеуіңіз қажет болуы мүмкін:

SIM картасын салыңыз.

Құрылғыға орнатылып қойған қоңырауға тыйым салу, бекітілген нөмір теру немесе жабық абоненттер тобы

сияқты қоңырау шектеулерін алып тастаңыз.

Құрылғы экраны мен пернелері құлыптанған болса, құлпын ашыңыз.

3

Дисплейді тазарту үшін, мәзір пернесін қажетінше қайталап баса беріңіз.

4

белгішесін басыңыз.

5

Жергілікті аймақтағы ресми жедел жәрдем нөмірін енгізіңіз.

6

белгішесін басыңыз.

7

Қажетті ақпаратты мүмкіндігінше дәл беріңіз. Рұқсат берілгенге дейін қоңырау шалуыңызды аяқтамаңыз.

Маңызды: Құрылғы интернет қоңырауларын қолдаса, интернет және ұялы телефон қоңырауларының екеуін де

іске қосыңыз. Құрылғы ұялы желі арқылы да, интернет қоңырауы провайдері арқылы да төтенше қоңырау шалуға

әрекеттенуі мүмкін. Байланыстың барлық жағдайда жүзеге асырылатынына кепілдік берілмейді. Медициналық жәрдем

шақыру сияқты маңызды байланыс орнату үшін тек сымсыз құрылғыға сенім артушы болмаңыз.