
SIM картасын салу немесе шығарып алу
Маңызды: Шағын UICC SIM картасын (Micro SIM картасы деп те аталады),
адаптерге салынған Micro SIM картасын немесе шағын UICC картасына арналған
ойығы (суретті қараңыз) бар SIM картасын бұл құрылғыда пайдалануға
болмайды. Micro SIM картасы стандартты SIM картасынан кішірек болады. Бұл
құрылғыда micro-SIM карталары қолданылмайды, ал үйлеспейтін SIM картасын
қолдану картаны немесе құрылғыны зақымдап, онда сақталған деректерді
зақымдауы мүмкін.
SIM картасына жапсырмалар жапсырмаңыз.
SIM картасын салу
1 SIM картасы ұясының қақпағын ашу үшін басыңыз.
2 SIM картасының ұстағышын шығарып алыңыз.
10
Пайдалануды бастау

3 Картаның түйісу аймағы жоғары қарап тұрғанын тексеріп, SIM картасын
ұстағышқа салыңыз.
4 SIM карта ұстағышын телефонға қайтадан салыңыз.
SIM картасын шығарып алу
1 SIM картасы ұясының қақпағын ашу үшін басыңыз.
2 SIM картасының ұстағышын шығарып алыңыз.
3 SIM картасын шығарып алыңыз.