Nokia X7 00 - Батарея туралы ақпарат

background image

Батарея туралы ақпарат
Құрылғыда ішкі, шығарылмайтын, CTIA 1725 куәлігімен қамтылған, қайта

зарядталатын батарея бар. Осы құрылғы үшін Nokia мақұлдаған

зарядтағыштарды ғана қолданыңыз. Құрылғыны зарядтау үшін үйлесімді USB

деректер кабелін де пайдалануға болады.

Батареяны құрылғыдан шығаруға әрекеттенбеңіз. Батареяны ауыстыру үшін,

құрылғыны жақын жердегі өкілетті қызмет көрсету орталығына апарыңыз.

Қабырға розеткасын пайдалану мүмкін болмағанда, USB зарядтау тәсілін

қолдануға болады. Құрылғыны зарядтау кезінде деректерді тасымалдауға

болады. USB зарядтау қуатының нәтижелілігі айтарлықтай өзгеше болады және

зарядтау басталып, құрылғы жұмыс істей бастауы үшін ұзақ уақыт кетуі мүмкін.

Құрылғыңызды тек USB-IF логотипі бар немесе USB-IF сәйкестік бағдарламасы

сынағынан өткен өнімдерге қосыңыз.

Сондай-ақ, уәкілетті бөлшектеп сату орындарында батареяны ауыстыру қызметі

ұсынылуы мүмкін.

Құрылғының заряды таусыла бастағанда, ол қуатты үнемдеу режиміне өтеді.

Қуатты үнемдеу режимін ажырату үшін, қуат түймесін басып тұрып

Deactivate

power saving

пәрменін таңдаңыз. Қуатты үнемдеу режимі қосылып тұрғанда,

кейбір қолданбалардың параметрлерін өзгерте алмауыңыз мүмкін.