
Ескі телефоннан контактілер мен суреттерді көшіру
Алдыңғы үйлесімді Nokia телефонындағы маңызды ақпаратты көшіріп, жаңа
телефонды тезірек пайдалану керек пе? Phone switch қолданбасын пайдаланып
контактілерді, күнтізбе жазбаларын, суреттерді және т.б. жаңа телефонға тегін
көшіріңіз.
Пайдалануды бастау
15

Ескі телефоныңыз Bluetooth мүмкіндігін қолдауы керек.
>
Settings
>
Connectivity
>
Data transfer
>
Phone switch
белгішесін басыңыз.
1 Келесілердің бірін таңдаңыз:
— Басқа телефоннан мазмұнды көшіріңіз.
— Мазмұнды басқа телефонға көшіріңіз.
— Мазмұнды екі телефонның арасында қадамдастырыңыз.
2 Қосылатын телефонды таңдап, телефондарды жұптаңыз. Телефондардың
екеуінде де Bluetooth байланысын іске қосыңыз.
3 Екінші телефон талап етсе, рұқсат кодын енгізіңіз. Рұқсат коды (оны өзіңіз
белгілей аласыз) екі телефонда да енгізілуі керек. Кейбір телефондарда
рұқсат коды бекітілген болады. Толық ақпарат алу үшін, екінші телефонның
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Рұқсат коды тек ағымдағы байланыс үшін жарамды болады.
4 Мазмұнды және
OK
пернесін таңдаңыз.
Алдыңғы Nokia құрылғыңызда Phone switch қолданбасы болмаса, жаңа телефон
оны Bluetooth арқылы хабар ішінде жібереді. Қолданбаны орнату үшін, алдыңғы
телефонда хабарды ашып, нұсқауларды орындаңыз.
Кеңес: Кейін басқа телефондардағы мазмұнды көшіру үшін Phone switch
қолданбасын пайдалануға да болады.