Музыканы компьютерден көшіру
Компьютерде телефоннан тыңдалуы керек музыка бар ма? Nokia Ovi Suite
бағдарламасы музыканы телефонға көшірудің ең оңай жолы және оны музыка
жинақтарын басқару және қадамдастыру үшін пайдалануға болады.
1 Телефонды үйлесімді компьютерге үйлесімді USB деректер кабелімен
жалғаңыз. Телефонға үйлесімді жад картасының салынғанын тексеріңіз.
2 Телефонда хабарландыру аймағынан төмен қарай жүргізіп өтіңіз де,
USB
>
Nokia Ovi Suite
опциясын таңдаңыз.
3 Компьютерде Nokia Ovi Suite бағдарламасын ашыңыз. Nokia Ovi Suite
бағдарламасының ең соңғы нұсқасы орнатылғанын тексеріңіз. Қосымша
ақпарат алу үшін Nokia Ovi Suite анықтамасын қараңыз.
Nokia Ovi Suite жинағының соңғы нұсқасын www.nokia.com/software торабынан
жүктеп алыңыз.
Кейбір музыка файлдары сандық құқықтар басқармасымен (DRM) қорғалып, тек
бір телефонда ойнатылуы мүмкін.