USB режимін өзгерту
Мазмұнды көшіру немесе телефонды компьютермен қадамдастыру кезінде жақсы
нәтиже алу үшін, түрлі құрылғыларды жалғау мақсатында USB деректер кабелін
қолданғанда, сәйкес USB режимін іске қосыңыз.
1 Үйлесімді USB кабелі арқылы телефонды компьютерге жалғаңыз.
2 Телефонның хабарландыру аймағынан төмен қарай жүргізіп өтіңіз.
3
USB
және төмендегілерінің бірін таңдаңыз:
100 Байланысу мүмкіндігі
Nokia Ovi Suite — Телефонды Nokia Ovi Suite орнатылған үйлесімді
компьютерге жалғаңыз. Бұл режимде телефонды Nokia Ovi Suite қолданбасымен
қадамдастырып, басқа да Nokia Ovi Suite мүмкіндіктерін пайдалануға болады.
Бұл режим Nokia Ovi Suite қолданбасы ашылғанда автоматты түрде іске
қосылады.
Mass storage — Телефонды Nokia Ovi Suite орнатылмаған үйлесімді
компьютерге жалғайды. Телефон USB флэш жады ретінде танылады. Сондай-ақ,
телефонды USB жетегіне қосылатын үй немесе көлік стереосы секілді
құрылғыларға қосуға болады.
Компьютерге осы режим арқылы қосылғанда, телефонның басқа қолданбаларын
пайдалану мүмкін болмайды.
Телефонның ішіндегі жад картасын басқа құрылғы арқылы ашу мүмкін емес.
Media transfer — Телефонды Nokia Ovi Suite орнатылмаған үйлесімді
компьютерге жалғайды. Сандық құқықтар басқармасымен (DRM) қорғалған
музыка файлдарын осы режимде тасымалдау керек. Сондай-ақ, кейбір үйде көңіл
көтеру жүйелері және принтерлер осы режимде пайдаланылады.
Use phone as modem — Телефонды үйлесімді компьютерге қосып, оны сымсыз
модем ретінде пайдаланыңыз. Компьютер интернетке автоматты түрде
қосылады.